From Wikipedia, the free encyclopedia
Артиллериялық зеңбірек — снарядты (миналарды) атуға арналған 20 мм және одан жоғары калибрлі ұңғылы қару түрі.
Құрлықта, теңізде, әуеде қарсыластың адам күшін және атыс құралдарын жою, оның қорғаныс құрылысын қирату және баска да тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.
Артиллериялық зеңбіректің әрекет ету принципі ұңғыдағы оқ-дәрі зарядының жану энергиясының снарядтың жылжу энергиясына айналуының физикалық-химиялық процесіне негізделген. Бұл процесс дыбыстық, жарықтық және жылулық әсерлермен қосарланады.
Артиллериялық зеңбіректің негізгі ұрыстық сипаттары:
Іс-әрекет жеріне және жойылатын нысана сипаттарына байланысты Артиллериялық зеңбірек жер үсті, зениттік, авиациялық, танктік, кемелік және жағалаулық болып бөлінеді. Сонымен катар жалпы және арнайы жағдайларға арналған Артиллериялық зеңбірек болып бөлінеді.
Ұңғы құрылысына байланысты Артиллериялық зеңбірек ойықты және тегіс ұңғылы болып келеді. Жылжымалылық (маневрлілік) дәрежесі бойынша Артиллериялық зеңбірек тұракты, жылжымалы негізде тұрақты (танктерде, ұшақтарда, кемелерде), сүйремелі, өзі жылжитын, өзі жүретін (шынжыр табанды немесе дөңгелекті шассиде), тасымалды, темір жолдық болып белінеді. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.